ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тазаланбаған мұржа екі әйелдің ауруханаға түсуіне себеп болды.
«Катонқарағай ауданындағы жер үй иесі пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған, пеш мұржасы да уақтылы тазаланбаған. Соның салдарынан көмірқышқыл газы тарап, 31 және 22 жастағы әйел зардап шекті. Қазіргі уақытта олар аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне жатқызылды», - делінген ақпаратта.
Құтқарушылар 2022 жылдың желтоқсанында дәл осы үйге келіп тиісті нұсқаулық берген болатын. Алайда үй иесі одан нәтиже шығармаған.
Айта кетейік, биылғы жылыту маусымы басталғалы бері ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында 168 000-нан астам үйді аралап шықты.
Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 80-нен асқан екі әжей құтқарылған болатын.