ШҚО ТЖД аккаунтында кеше Алтай ауданында қатты жел күшейіп, бұршақ жауғаны хабарланған. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, «Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметі бойынша 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, екпіні 18 м/с жел соғады.