Шығыс Қазақстанда Қалалар мен аудандардың мәдениет күндері өтуде
10:14, 04 Маусым 2009
СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанда Қалалар мен аудандардың мәдениет күндері өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәдениет күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамашылығымен «Ауылым ? алтын бесігім» деген ұранмен өтіп жатыр. Облыс өңірлерінің жетістіктер шеруін Жарма ауданының тұрғындары бастады. Олар өз жетістіктерінің байқауына үлкен дайындықпен келіп отыр. Атап айтқанда, «Қалбатау асыл тұқымды мал өсіру зауыты» ЖШС мен Үшбиік селолық округінің шаруашылықтары селекциялық жұмыстарының тірі жетістіктерін көрмеге әкелсе, аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындары да стендтерінде өз табыстарын таныстырып отыр.Жарма ауданының Мәдениет күні Өскемендегі Металлургтер сарайында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.