Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.
6 сәуір күні Семейде 316 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 4 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген бұзушылықтар бойынша 350 040 теңге мөлшерінде 8 айыппұл өндіріліп, 393 795 теңге сомасына 9 хаттама толтырылған», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Курчатов қаласында тексеру барысында 26 нысан қамтылған. Шектеу шараларын бұзған 1 адам тіркелді. Шемонаиха ауданында мониторингілік топтар 71 нысанды аралап, маска режимін бұзудың 3 фактісін анықтады.
Сондай-ақ Глубокое ауданында 114 нысанға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, маска режимін бұзудың 1 фактісі тіркелген.