ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,002.
«Қызыл аймақта» тұрған Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында вирус жұқтырғандар саны одан сайын артып кетпес үшін шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажет», - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 137 нысан «Ashyq» жобасына қатысқанын хабарлаған болатынбыз.