Шығыс Қазақстанда қасқыр ату үшін сыйақы сомасы белгіленді

None
ӨСКЕМЕН.  Желтоқсанның   23-і.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -   Шығыс Қазақстанда    бір ересек  қасқырды атудың   сыйақысы  12 мың  теңгені  құрайды. 

Бұл туралы  табиғат ресурстарын басқару  және     табиғаттың  пайдаланылуын    үйлестіру жөніндегі  облыстық   басқарманың баспасөз қызметінен   хабарлады.

Қазір,  өңірде  шыңылтыр  аяз    басталғалы,      түз тағысы    үй жануарларына тіс салу  үшін,   адамдардың   баспанасына жақын  келе  бастайды.  Бұл   мал үшін де, адам үшін  де қауіпті  жағдай.

Айтпақшы,  ағымдағы жылы  осы мақсатқа  облыс бюджетінен  8 миллион  теңгеден астам сома  бөлінген   және  аңшылар    224 қасқыр  мен 19 бөлтіріктің  көзін  жоя алған.

Шығыс Қазақстан    аңшыларының  облыстық қоғамдық  бірлестігі  халыққа  үндеу  жасап,  егер  олар    өз ауылдарының маңынан  түз  тағысын  көрсе,  ол  туралы    дереу хабарлауға  шақырып  отыр.