Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен коронавирусқа байланысты ахуал бойынша кезекті кеңес өткізді.
Әкімнің айтуынша, көрші елдерде науқастардың саны артып, өлім-жітім деңгейі өскен. Алайда облыста қауіпті дертке шалдыққандар саны күн сайын азайып келеді.
«Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда вирус жұқтырған тұрғындар саны жүзден аз болды. Бұл індетке қарсы күресте бар күш-жігерін салып жатқан дәрігерлер мен жауапты мамандар жұмысының арқасы. Егер жағдай осы қалыптан таймай, ары қарай реттелсе, өңір «жасыл аймаққа» өтуі мүмкін», - деді ол.
Өз сөзінде Даниал Ахметов вакцинаның коронавирустан құтылудың жалғыз тиімді жолы екендігін еске салып, қала, аудандарда осы бағытта жұмысты күшейту керектігін жеткізді.