Осы аптада өңір бойынша коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші төмендеп келе жатыр. Соңғы тәулікте 33 тұрғын қауіпті дертті жұқтырса, оның алдында бір күнде 36 адамнан вирус анықталған.
«31 науқаста симптом бар болса, 2 адам сырқатты симптомсыз өткеруде. 78 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 328 науқас емделуде. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 16,1 пайызды құрайды», - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1173 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.