ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласындағы Зыряновская көшесінде келе жатқан 27 жастағы жігіт абайсызда құдыққа құлап кеткен.
Оған №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көмекке келіп жетті.
«Құтқарушылар ер адамды арқанмен алып шықты. Дене жарақатын алған азаматты жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жеткізді. Белгілі болғандай, түнде келе жатқан ол телефоннның қызығына кіріп кеткені сонша ашық тұрған құдықты көрмей қалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте департамент мамандары өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын әркез естен шығармауды ескертеді.