Мекеменің хабарлауынша, бүгін, 13 шілде күні 14.00-де Бородулиха ауылында қатты жел тұрып, «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының 468 шаршы метрлік шатырын қиратқан.
«Шатырдың құлауы салдарынан екі автокөлікке залал келді. Зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі есептеліп жатыр», - деп түсіндірді ТЖБ.
ТЖ бөліміндегілердің айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен.