ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қыркүйек айында 3 628 адам жіті респираторлық вирус инфекциясын жұқтырып алған. Ал қазан айының басынан бері 6001 адам ЖРВИ-ге шалдықты.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,7 есеге төмендеп отыр. ЖРВИ-ден өлім-жітім жағдайлары болған жоқ.
«Аталған инфекцияны жұқтырғандар саны жағынан өңір бойынша Өскемен қаласы (7668 адам) бірінші орында тұр. Ал Күршім ауданы (3 адам) ең соңғы орында. 2021 жылы ЖРВИ-ге қатысты статистика жоғары болған. Себебі тұрғындар коронавирус пандемиясына байланысты медициналық көмекке жиі жүгінді», - делінген ақпаратта.