Шығыс Қазақстанда қыс басталғалы бері 93 рет қар түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қыс басталғалы бері 93 рет жасанды жолмен қар түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша қар көшкінінің алдын алу шаралары 93 рет жүргізілген. Соның нәтижесінде, жалпы көлемі 100 725 текше метр қар түсірілді.

«Бүгін «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары «Өскемен-Северное-Алтай-Рахман қайнары» тасжолында жасанды жолмен қар жүргізді. Көшкін жүру қаупі бар учаскеде жарылыс жасалып, 2555 текше метр қар түскен», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, мамандар күн сайын көшкін жүру қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізуде. Азаматтарға көшкін жүруі мүмкін таулы жерлерге бармау қажеттігі ескертілуде.