Бұл жайлы халық алдында есеп берген ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің қылмыстық істерді ашу көрсеткіші 55,2%-ды құрады.
Ал ауыр қылмыстар бойынша – 72,5%, аса ауыр қылмыстың ашылуы – 93,8%. Мал ұрлығының алдын алуға көп көңіл бөлінді.
Профилактикалық шаралардың нәтижесінде, қылмыстың бұл түрі 26,8%-ға төмендеді.
Оның айтуынша, мал ұрлығы әсіресе ауылдарда кең тараған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 12 топтың жолы кесілді.
Мал иелеріне жалпы сомасы 124 млн теңгеге бағаланған 569 бас мал қайтарылған.
«Полиция қызметіндегі маңызды бағыт - нашақорлыққа қарсы күрес. Былтыр 208 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 722 келі түрлі есірткі тәркіленді. Бұл 2020 жылға қарағанда үш есе артық. Сондай-ақ есірткі контрабандасының 3 фактісі және ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 2 фактісі анықталған», - деді Серік Жүнісбеков.