ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін облыстағы 342 мектепте соңғы қоңырау соғылды.
Білім ордаларында барлығы 96 383 бала оқыды.
Оның ішінде 9-сынып түлектері – 8 793, 11-сынып түлектері – 3810. 4 066 оқушы колледжге түсуді жоспарлап отыр. ҰБТ тапсыруға түлектердің 83% қатысады.
281 түлек «Алтын белгіге», 378-і үздік аттестатқа үміткер.
«Мектептерде 9 және 11 сыныптарға арналған мемлекеттік емтихандар дәстүрлі форматта өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленуде. «Алтын белгіге» үміткерлер құжаттарының талапқа сәйкестігін арнайы комиссия тексеріп шықты. Емтихан өтетін орындар бақылауда», - делінген ақпаратта.
Облыс бойынша 41 колледж жұмыс істейді. Онда 17727 студент оқиды.
Осы жылы 101 мамандық бойынша 4 455 адам диплом алады деп күтілуде.