Оның айтуынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында, Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде Бұқтырма су қоймасының Аққұдық учаскесінде жарылған мұз астына кеткен 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жүргізілген. Таңертеңгі 07:30-да басталған жұмысқа Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылған.
«Сағат 09:30-да құтқарушылар қыздың мүрдесін судан алып шықты. Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні шамамен 21:00-де орын алған. Ваз-2109 рұқсат етілмеген жермен келе жатқанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Автомобильде ерлі-зайыптылармен бірге, олардың үш баласы болған. Төрт адам өз беттерінше мұз бетіне шығып, аман қалды, ал қыз суға батып кеткен»,- деді Нұрсұлтан Нұрхаметов.