ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы саласының мамандары жетіспеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов мәлімдеді.
«Қазір өңір бойынша орман шаруашылығының 545 маманы керек. Тапшылық әсіресе Тарбағатай, Күршім, Үржар және Зайсан аудандарында байқалуда. Біз бұл бос орындарды шекарадағы аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында толтыруды көздеп отырмыз», - дейді ол.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.