ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.
«Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілу үстінде.
Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.