ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 15-21 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін.
Әсіресе таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі жоғары.
«Сондықтан өңір тұрғындарына 15-21 ақпан аралығында таулы жерлерге бармауға кеңес береміз. Сондай алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн» делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да қар көшкіні жүріп, бір турист қаза болған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.