«Қойшылар азық-түлік қорын молайту мақсатында 100 шақырымды айналып өткісі келмей, өнімдерді ағыны қатты өзеннің үстінен екі жағаға тартылған арқан арқылы жеткізбекші болған. Азық-түлік салынған қап арқанның ортасында - 20 метрінде тұрып қалады. Ер кісі арқанды ұстап тұрып, қапты жылжытпақшы болғанда, суға ағып кетеді», - делінген хабарламада.
Ол арқаннан қолы шығып кеткен соң 200 метр жерге дейін өліммен арпалысады. Куәгерлер ешқандай көмек көрсете алмады.
Тереңдігі 15 см болатын су кешіп өтіп бара жатқан адамды, ал тереңдігі 50 см-ды құрайтын су автокөлікті ағызып әкетуі мүмкін екендігі аталып өтілді.
Суға ағып кеткен ер кісінің денесін демалыс күні Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары 5 шақырым қашықтықтан тапты.