Шығыс Қазақстанда шекаралық аудандардағы 25 мектеп жөндеуден өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шекаралық аудандарда орналасқан 25 мектеп жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, облыстың 250 мектебі жаңа модификация кабинетімен жаб­дықталған. 221 білім беру нысанына, оның ішінде шекарамен шектес аудандардағы 25 мектепке күрделі және қатардағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Осы жылдың сәуір айы­нан бастап құжаттарды қабылдаудың электронды жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы барлығы 20 930 оқу­шы бірінші сыныпқа қабылданған. «Жас маман» жобасы бойынша базалық колледждер жанынан алты біліктілік орталығы ашылды. Онда кез келген оқу орындарының сту­дент­тері жаңа құрал-жабдықпен өн­дірістік тәжірибеден өте алады», - делінген ақпаратта.

Жыл соңына дейін осындай тағы 5 орталық ашы­лмақ. Бұл орталықтарда өндірістік тәжірибеден өткен студенттер саны 3 мың адамды құрап отыр.