ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары қаңтар айынан өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр.
Сол уақыттан бері 1106 қылмыс тіркеліп, оның 723-і ашылды.
«Есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 42 фактісі анықталған. Сондай-ақ 13 803 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасаған 3 469 адам, қоғамдық орында мас күйде жүрген 4 906 адам, ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 197 адам жауапқа тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Шара барысында барлығы 13 207 үй тексерілген.
Бұдан бөлек, 1 471 қараусыз қалған ғимарат, 7 154 саяжай, жалға берілетін 4 096 пәтерге тексеру жүргізілді.