Шығыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан 6 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда кеше кешке жалпы есеппен 6319 адам қауіпсіз жерге көшірілді - су тасқыны 877 тұрғын үйді, 249 қора-қопсыны, 18 қыстауды шайып кетті.

Жергілікті атқарушы органдардан, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдерінен, полиция мен жергілікті халықтың қатарынан 1921 адам құтқару шараларына тартылып отыр. Қызылсудан әсіресе Тарбағатай, Абай, Күршім, Зайсан аудандары қатты зардап шегуде.

Қостанайдан келген Солтүстік аймақтық аэроұтқыр құтқарушылар жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, Жантікей ауылындағы Сәтбаев атындағы мектепте бас сауғалап отырған халықты Ақсуат, Екпін ауылдарына көшірді. Әзірге 40-тан астам адам көшірілді, әлі 787 адамды көшіру керек. Қатты жел құтқарушылардың жұмыстарын қиындатып отыр.

Павлодар және Екібастұздан көмекке жеткен құтқарушылар адамдарды Қабанбай және Тәуке ауылдарына көшіруде.