Шығыс Қазақстанда тасжолдардың бірі жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.

«Республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 6-66 шақырымы (Ушановское ауылынан Серебрянск ауылына дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.