ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында жасанды жолмен қар түсірілді.
«Қар көшкінінің алдын алу шарасы «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымында жүргізілді. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары мен ТЖД қызметкерлері тауда 2 жарылыс жасады. Соның нәтижесінде, 5200 текше метр қар түсті. Бірден жол қардан тазартылды», - делінген ақпаратта.
Жалпы көшкін қаупі бар кезең басталғалы бері Шығыс Қазақстанда барлығы 58 рет жасанды жолмен қар көшкіні жүргізіліп, 249 260 текше метр қар түсірілген.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына көшкін қаупі жоғары кезеңде таулы жерлерге бармауға кеңес берді.
Фото: ТЖД