Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға кетті

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД-ға Ұлан ауданының Қанай ауылында (Жаңа Қанай ауылынан 3 шақырым жерде-авт.) жергілікті тұрғындар судан 1958 жылғы азаматты алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Егделеу ер адам балық аулап отырған жерінде абайсызда қайықтан құлап, суға батып кеткен. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында Құлынжон ауылынан 17 шақырым жерде 1981 және 1983 жылғы екі балықшының суға кеткені белгілі болып отыр. Олар резеңке қайықпен балық аулауға шығып кеткен. Олардың денесі 7 қазанда табылды», - деді ТЖД.

Құтқарушылар балық аулау кезінде азаматтарды абай болуға шақырады.