ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі үш тасжол учаскесінде қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай- Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы), облыстық маңыздағы «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 30-37 шақырымында және «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.