Анықталғандай, әлгі әйелдің қызы Евгения анасымен ұрсысып, үйден кетіп қалған. Қоңырау шалғанда, құрбысының үйінде отырғанын айтқан, ал біраз уақыттан кейін қоңырауға жауап бермей қояды.
Қызы үшін алаңдаған ана Зырян аудандық полиция бөліміне жүгінеді. Екі күннен кейін тәртіп сақшылары жоғалған жасөпірімді іздеп тауып, үйіне қайтарды. Ол осы уақыт бойы таныстарының үйінде болған екен.
Аудандық сот ақпаратынша, кәмелет жасына толмаған баласы үшін заңды өкілі жауапкершілікке тартылады. Анасы қызының төрт күн үйде болмағанын мойындаған. Мұндай ұқсас жағдайлар бұған дейін де орын алған көрінеді.
Сот үкімі бойынша, жасөспірімнің анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК (16 835 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.