Шығыс Қазақстанда «Защита-Зырян» теміржолының 155-ші шақырымында лай көшкіні орын алды, қозғалыс 7 сағаттан кейін қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның Зырян ауданында кеше, бейсенбі күні сағат 10.21-де Защита-Зырян теміржолының 155-ші шақырымында лай көшкіні орын алып, жалпы көлемі 1400 текшеметр болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар ведомствосы.

Теміржол төсемі тау етегінен көшкен лайдан кешкі сағат 17-лерде тазартылды, және №642 жолаушылар пойызының қозғалысы жандандырылды.

Бес жолаушылар вагонынан тұратын пойыз, жол тазартылғанша, Тұрғысын стансысында аялдап тұрды.