Шығыс Қазақстанда жастарға арналған 4 жаңа жоба іске қосылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жастар жылы аясында облыста жастар саясатына арналған төрт жаңа жоба іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтықкоммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте облыс әкімінің орынбасарыӘсем Нүсіпова жобаларға тоқталып, олардың іске асырылу барысы туралы мәлімдеді.

Бүгінгітаңда облыста 14 және 29 жас аралығында 264 990 адам тұрады, яғни бұл - аймақ тұрғындарының 20%. Өңірде «Жаскәсіпкер» жобасы аясында 24 шілдеден бастап 18 бен 29 жас аралығындағы 1300адам кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы оқыту курсынан өте алады. Бұл топқакөпбалалы және жас отбасы мүшелері, жұмысқа жарамды мүгедектер де кіреді. Одан кейін арнайы бизнес жоба әзірлеп, 200айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге) қайтарылмайтын грантқа иеболады. Бұл қаражатқа кәсіпке керек құралдарын, ауылшаруашылығын дөңгелетеміндегендер мал және құс сатып алады. Барлығы 1277 адам осындай грантқа ие болады.Бағдарламаға қатысу үшін тұрғылықты жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары менбөлімдеріне өтініш білдіру керек.

Келесі үшжоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бойынша азаматтық бастамалардықолдау Орталығы мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылады. Аталмыш жобалартуралы ақпаратты облыстағы қала және аудандардағы жастар ресурстықорталықтарынан алуға болады, орталықтардың мекен-жайы eljastary.kz сайтындакөрсетілген.

Айта кетсек,«JasA!» жобасы бойынша қала және ауылдарды дамыту және экологиялық жағдайынжақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. «Жұмыскер жастардыңқоғамдастығы» қоғамдық ұйымы қатысушыларға кеңес беріп, жол сілтейтін болады.Бұл жобаға қатысу шарты өте оңай, 26 шілдеге дейін jashome.org сайтындатіркеліп, бес адамға дейін шағын топтарға бірігу қажет. Байқау негізіндеүздіктер іріктеліп, 610 мыңға дейін қаржылай гранттар бөлінеді. Жоспар бойыншаелімізде 660 жасты қамтып, 100 жоба іске асырылмақ.


1 тамызданбастап облыста «Qorgau» жобасы аясында қалалық және аудандық жастар ресурстықорталықтарында 20 тәжірибелі заңгерлер өз жұмысын бастайды. Бұл жобаның мақсатыазаматтардың, оның ішінде жастардың құқығын қорғау үшін ақысыз әрі қолжетімдіқұрылым құру. Жоба «Eurasian Expert Council» қоғамдық қорының қолдауымен жүзегеасырылады. Заңгер кеңесін 5 мыңнан астам адам ала алады.


14 шілдеденбастап менторлық жоба іске асырылуда. Тәлімгерлер жастарға құқықтық, кәсібишеберлік сұрақтары бойынша кеңес береді. Шығыс Қазақстанның менторларыНұр-Сұлтан қаласында 4 күндік оқыту курстарын тәмамдады.

Облыстағыжастар саясаты Жастар жылының Жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Оның ішіндежастарды жұмыспен қамту міндеттері «Еңбек», «Жастар тәжірибесі», «Бизнестің жолкартасы -2020», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалар бойынша іскеқосылған,-деді облыс әкімінің орынбасарыв Әсем Нүсіпова.


Ағымдағыжылдың басынан жұмыспен қамту бөлімдеріне шағымданған 4,5 мың жастар тіркелген,оның 50%-ы ауылда тұрады. Олардың барлығы жұмыспен қамту шараларымен қамтамасызетілген. 15 жас «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша грант иегерлері атанды.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 40,6 млн теңгеге 230 жас ауылда қызмететуге жолдама алды. 149 адам тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бюджеттікнесиелерге ие болды.

Соңғы жаңалықтар