ТЖБ-ның хабарлауынша, жақында ғана жедел жәрдем көлігі Жарық пен Қалбатау ауылдарының арасында қар құрсауында қалып қойған. Көлікте науқас әйел бар екені белгілі болған. Құтқарушылар жедел оқиға орнына барған.
«Малай ауылына жеткен соң Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қабдылғабит Отынбаев пен оның жүргізушісі әрі қарай жол талғамайтын арнайы техникамен шыққан. Өйткені көліктер қардың қалың түсуіне байланысты ары қарай жүре алмаған», - деп атап өтті ТЖ бөлімінде.
Пациент арнайы техниканың көмегімен Жаңғызтөбеден келген жедел жәрдемге көлігіне жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейіннен науқасты аудандық ауруханаға жеткізген. Денсаулығына төнген қауіп жоқ екенін хабарланды.
Айта кетейік, жол талғамайтын техниканы Жарма ауданының әкімдігі берген.