ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2017, 2018 және 2020 жылдары туған балалар үй маңына ойнауға шығып, жоғалып кеткен. Бұл туралы олардың анасы «102» жедел арнасына хабарласып айтты.
Ол өз бетімен балаларын екі сағаттан артық уақыт іздеген. Алайда еш нәтиже шықпады. Хабар түсісімен тәртіп сақшылары іздестіру шараларына кірісті. Балалар ойнап жүрген көшедегі тұрғын үйлер тексерілді.
«Балалар 20 минут ішінде табылды. Белгілі болғандай, үшеуі өздерінің үйлерінен 2 шақырымдай жерге кетіп қалған. Қазіргі уақытта олар ата-анасына жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Әйел адам өз кезегінде жылдам әрекет еткен полицейлерге ризашылығын жеткізді.