ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 қараша күні сағат 16.30 шамасында Алтай ауданы Селезневка ауылының маңында Lexus PX 300 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
«Осының салдарынан 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Жаңа Бұқтырма ауылындағы медициналық мекемеге жүгінді. Оның бірі - 5, екеуі - 7 жаста» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.