Шығыс Қазақстанда жол оқиғаларының салдарынан екі адам қаза болып, сегіз адам ауыр жараланды

ӨСКЕМЕН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен тәуліктерде Шығыс Қазақстан облысында екі жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан екі адам қаза болды, тағы сегіз адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті,

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат    тілшісі.

Атап айтқанда, кеше  кешке  Күршім-Қалғұты-Теректі  тас жолында   Қалғұты ауылынан 6 шақырымдай   жерде «ВАЗ-21114»    көлігінің  жүргізушісі   «Ниссан-Премьера»    көлігімен    бетпе-бет соқтығысып қалды.

Ал  алдыңғы күні  Глубокое ауданының  Зимовье   селосындағы  көпірде   жол-көлік оқиғасы   болып,      апат  орнында   46 жастағы  жүргізуші      қаза тапты.   Мас  болған   жүргізуші  рульге ие  бола алмай  қалып,  машина көпірден  суға құлап кеткен.