«Қазавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының мәліметіне қарағанда, ақ түтек боран мен жолдың көрінбеуі күре жолды жабуға себеп болған.
Боран күшейіп жатыр. Таңертең секундына 15-20 метр жылдамдықпен ескен желдің екпіні қазір біршама күшейген.
Облыс орталығындағы әуежай әзірше штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
14:24, 11 Қаңтар 2018
Шығыс Қазақстанда жол жабылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолының «Бесқарай-Павлодар облысының шекарасы» 667-587 км учаскесі 12:20-дан бастап көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.