Шығыс Қазақстанда жолдар жабылды

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда Өскеменнен Семей, Риддер, Шемонаиха бағытындағы жолдардан басқа, барлық жолдар көлік қозғалыстары үшін жабық,

деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.

Құтқару қызметтері аймақтың барлық жолдарында жұмыс істеуде. Кеше облыс орталығынан жөнелтілген гуманитарлық жүк, жолдың ашылмауынан зардап шеккен ауданға әлі жетпеген. Жедел ақпарат бойынша, КамАЗ және бензин таситын көліктер бұрқасынның салдарынан Байбура асуында тоқтап тұр.

Ал зыряндық құтқарушылар гуманитарлық жүкпен Ермаковка ауылына жеткен және олар жол бойы қар құрсауынан 34 адамды құтқарған.

Семейдің мамандандырылған өрт сөндіру отрядының қызметкерлері гуманитарлық жүк тиелген 10 көлікті Знаменское селосының тұсында қар құрсауынан шығарып алды.

Әріптестеріне көмекке келген қарағандылық құтқарушылар Жарма ауданында көпірлер мен су өткізгіштерін тазалап жатыр.