Шығыс Қазақстанда ЖОО-лардың ғылыми әлеуеті өнеркәсіптерді дамытуға жұмсалады
Бұл туралы аймақ әкімі Даниал Ахметов есептік кездесуінде мәлім етті.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен аймақтың ірі өнеркәсіп орындарының бірлескен жұмысының алғашқы қарлығашы құны 8 млрд. теңге тұратын 10 жоба болмақ. Халық алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары аймаққа не беретінін айтты.
«Нәтижесінде облыста титан және тантал өнімдерін дайындаудың жоғары технологиялық өндірістері пайда болып, медицина мен мұнай-газ саласы өнеркәсіптері үшін жоғары желілер ашылмақ, сонымен қатар, «өнімсіз» кендерді қайта тиімді өңдеп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады», - деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіп орындарында НИОКР коммерциаландырудың нәтижесі алынды.
Бұдан басқа бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазцинк» ЖШС, «Қазминералс» ЖШС-нің « Востокцветмет» корпорациясы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен Германия, Ресей және Франциядағы серіктестер жұмылдырылып отыр.