ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша жалпы ауданы 452,8 гектарды құрайтын 50 орман өрті тіркелді. Сондай-ақ 36 рет ашық алаңда шөп жанған.
«Облыста өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің 272 адамы құрайтын 46 мобильді топ жұмыс істеуде. Уақытылы профилактикалық жұмыстардың арқасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-ші деңгейі Катонқарағай, Самар және Күршім аудандарында сақталуда.
Өңір аумағында ШҚО әкімінің «өрт қаупі жоғары кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» қаулысы күшін енген.