ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 45 мектептің асханасы талапқа сай еместігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы бүгін «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысында айтылды.
«Арнайы бекітілген жоба аясында мектептерге мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде өңірдегі 549 мектеп асханаларының 45-і талапқа сай емес болып шықты. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толықтыру мақсатында тиісті шаралар атқарылмақ», - дейді «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша партиялық куратор Зарина Қамасова.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 5500 орындық 7 мектеп салынатындығын хабарлаған болатынбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.