Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті. Оның айтуынша, тілсіз жау бүгін сағат 16:13-те толық сөндірілген.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні басталған өрт Абай ауданындағы таулы, жартасты, адам жүре алмайтын жердегі шөп алқаптарын шарпыған болатын. Өрт аумағы – шамамен 3500 гектар. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмылдырылған. Оқиға орнында барлығы 242 адам және 29 техника жұмыс істеді.