ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Богатырево, Быково ауылдарындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды.
Мұндағы мақсат – мұз кептелісін болдырмау, су тасқынының алдын алу. Екі учаскеде жалпы салмағы 1674 келі жарылғыш зат пайдаланылды.
«Бізде облыс бойынша 18 учаскеде мұзды ұсақтау міндеті тұр. Бүгінде оның 12-сінде тиісті жұмыстар ойдағыдай атқарылды. Ұсақталған мұздың аумағы 135 160 шаршы метрді құрап отыр. Бұл үшін 9386 келі жарылғыш зат жұмсалды», - дейді облыстық ТЖД ескерту басқармасының бастығы Алексей Штыкель.