Шығыс Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға 10,2 млрд.теңгедей қаржы керек - ШҚО әкімі
«Бұған туыстарында тұрып жатқан адамдарды тағы қосу керек», - деді облыс әкімі.
Әкім үйлерінен айырылған адамдар үй алынып болғанша, уақытша шатырларда тұратынын айтты. Барлық мектептер босатылды және жақында балалар сабақтарына кіріседі. Б.Сапарбаев шатырлар жылытылатынынына және оларда тұрмысқа қажетті барлық нәрселер: азық-түлік, төсек-орын болатынына сендірді. Бұған қоса әр отбасы мүшесіне 5 мың теңгеден материалдық көмек берілмек.
Аймақ басшысы қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 10,2 млрд. теңге қаржы қажет екенін атап өтті. «Біз барлығын мұқият есептедік. Республикалық бюджеттен 4 млрд. 600 млн. теңге сұраймыз, оның 3 млрд. теңгесі құрылыс жұмыстарына (мұның ішінде үш мектеп пен төрт дәрігерлік емхана бар) жұмсалады.
Екінші - су басқан үйлерді күрделі жөндеуді облыс бюджеті есебінен жүргіземіз (құрылыс материалдарымен, т.б. көмектесеміз), облыс резервінен 170 млн. теңге бөлеміз, тағы 14 млн. теңге - демеушілер көмегі және 1 млрд 46 млн. теңге облыс бюджетінен жұмсалады».
«Тарбағатай, Абай аудандарының тұрғындары үшін бірден-бір күнкөріс көзі - мал, сондықтан да Үкіметтен осы мәселені шешуге баса назар аударуды сұраймыз», - деп атап көрсетті облыс әкімі.
Б.Сапарбаев ел Президентіне, Үкіметке, ТЖ, көлік және ауыл шаруашылығы министрліктеріне аймақ халқы үшін осы қиын күндерде адамдарға қолдау және жан-жақты көмек көрсеткендері үшін ризашылық сезімін білдірді.