ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары көшкін қаупі бар тау беткейлерін қардан тазартуды жалғастыруда.
«Катонқарағай ауданындағы «Ақсу-Талды» тасжолындағы 5 көшкін қаупі бар учаскеде профилактикалық көшкін жүргізілді. Соның нәтижесінде, жалпы көлемі 16 200 текше метр қар түсірілген», - делінген ақпаратта.
«Сөгір-Барлық», «Ақсу-Талды» жергілікті маңызы бар жолдар жағдай толық тұрақталғанға дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Айта кетейік, Катонқарағай ауданында жергілікті және республикалық маңызы бар тасжолдарға қауіп төндіретін 45 учаске бар.