Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтері бойынша, көкөніс пен бақша өнімдерін Глуховское ауылдық округінің аргоқұрылымдары алғашқылардың бірі болып бастады. Мұндай өнімдер өсіруге мамандандырылған шаруа қожалықтары 220 гектардан астам алқаптың егінін жинады.
Семей қаласының базарларына үш мың тоннадай көкөніс және екі жарым мың тонна картоп жөнелтілді. Көкөніс плантацияларындағы орташа түсім әр гектардан 130 центнерден, ал картоп - 100 центнерден айналды.
Глуховтық бақша өсірушілер тамыз айы басталғалы қала тұрғындарына екі мың тоннадан астам қарбыз жіберді.