Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар
13:29, 27 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Қалың қардың жаууына және тау етектеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қаңтардың 27-29-ы күндері қар көшкіні болуы ықтимал,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.Әсіресе, Риддер қаласының маңында қар көшкіні қаупі үлкен. Бұл күндері ешқандай спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізбеуге кеңес беріліп отыр. «Тауда абай болыңыздар», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.