Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар
13:12, 25 Желтоқсан 2009
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметтері қардың толассыз жаууына және қар қабатының тұрақсыздығына байланысты таулы аудандарда қар көшу қаупі туралы ескерту жариялады.
Қар көшкіні туралы ескерту желтоқсанның 25-і мен 27-сі аралығын қамтиды. Құтқарушылар халыққа тау бөктерлеріне шықпауға кеңес беріп отыр. Аймақтың арнайы қызметтері күшейтілген қызмет режиміне ауысты.