ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыстың таулы аймақтарында қар әлі де көп. Кей жерлерде қар қалыңдығы 40-тан 60 см-ге дейін жетеді.
«Соған орай қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Катонқарағай ауданындағы «Берел-Рахман қайнарлары» тасжолының 432-438 шақырымында жасанды жолмен 890 шаршы метр, Алтай ауданындағы «Алтай-Богатырево» тасжолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, тауға шықпау қажеттігін ескертті.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да 11 сәуірге дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын хабарлаған болатынбыз.