Шығыс Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі күннің күрт суытуы салдарынан дизельдік көліктердің қозғалысына шектеу қойды

ӨСКЕМЕН.  Желтоқсанның 9-ы.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Шығыс Қазақстанның автокөлік  жолдарында     желтоқсанның 9-10-ында   дизельдік  отынмен  жүретін  жолаушылар  және  жүк    көліктерінің  қозғалысына  шектеу енгізді,

деп хабарлады   аймақтық төтенше жағдайлар    қызметінен.

Бұл шара     күннің күрт суытуымен  байланысты енгізіліп  отыр.   Бүгін түнде  аймақта  минус 42 градусқа дейін  аяз тіркелді.

Желтоқсанның 9-ы    күні сағат 16-.00-дан бастап,   желтоқсанның 10-ы күнгі сағат 10.00-ға дейін   дизельдік көліктерге   жолға шығуға тыйым  салынып  отыр.

Төтенше жағдайлар  департаментінің басшылығы сондай-ақ,   кәсіпорын  басшыларын   адам  құрбандығына    жол бермеу  шараларын    ұйымдастыру,   көлік   қозғалысы мен жолдар  мен  көпірлерде    көлік қозғалысын  бақылау,  сондай-ақ байланыс құралдарының    әзірлігін тексеруді    ұйымдастыру  туралы ескертіп отыр.