Шығыс Қазақстанның жолдарын тасқын судан құтқару керек - көлік министрі

None
ӨСКЕМЕН. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Шығыс Қазақстанға жолдарды қардан тазалауға қосымша 10 техника бөлуге уәде берді және аймақ әкімшілігінің тағы 7 машинаны министрліктің қаражаты есебінен жалға ала алатынын жеткізді.

«Жолдарды тасқын судан құтқару керек», деп мәлім етті министр аймақтағы жағдаймен танысқан үкіметтік комиссияның қорытынды кеңесінде.

Бұдан бұрын хабарлағандай, үкіметтік комиссияның министр Ә.Құсайынов жетекшілік еткен жұмыс тобы бірқатар республикалық және облыстық жолдарды аралады, оның ішінде жиі бұрқасын болатын Өскемен-Зырян тас жолының 16-шы шақырымы мен қар көшкіні қаупі бар Осинов асуында болды.

«Біз Төтенше жағдайлар министрімен бірлесіп, осы мәселенің техникалық жағдайы және тасқын суға қарсы күрес аясында аймаққа қажетті жедел көмек туралы Үкіметке баяндап отыратын боламыз», деді Ә.Құсайынов.

Министр Ә.Құсайынов Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаевқа мәлім еткендей, Көлік және коммуникация министрлігі жолдарды тазалау үшін «Қазавтожол кәсіпорнына жанар-жағармайға қосымша 20 миллион теңге бөледі.