Шығыс Қытай теңізінде кемелер соқтығысып, 9 адам із-түзсіз жоғалды
15:41, 13 Тамыз 2021
ХАНЧЖОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясы Чжоушань қаласы жағалауында балық аулайтын кеме мен жүк кемесі соқтығысып, тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Балық аулайтын кеме соқтығысқаннан кейін суға батқан, салдарынан борттағы экипаждың тоғыз мүшесі суға ағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында құтқарылды, қалған тоғызы із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Теңіздегі құтқару орталығы оқиға орнына жеті патрульдік катер мен құтқару кемесін жіберді. Жоғалған экипаж мүшелері іздестіріліп жатыр