Аталған саябақ орналасқан Тайшань тауы туристік аймағы әкімшілігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 6:20-да, үйретушінің арыстан тұратын торға тазалау үшін кірген сәтінде болған.
Жыртқыш аң талаған қызметкер ауруханада көз жұмды.
Туристерді тосын қауіптен сақтау үшін қашып шыққан арыстанды атуға полиция шақырылды. Келеңсіз жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.